Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ордабасы: ел демографиясына үлес қосқан аналарға құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Темірландағы орталық ауруханаға арнайы барып, 14 қараша күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтыап, бауы берік болсын айтты.

«Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Халқымыздың саны 20 миллионға жеткендігі туралы ақжолтай жаңалықты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария етіп, барша Отандастарымызды арнайы құттықтап, сәлем жолдаған болатын. Ел демографиясына үлес қосып жатқан Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан құрметке лайық. Сондықтан баршаңызды осы тарих сәтпен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін», деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы құттықтаудан соң халқымыздың адами капиталын арттыруға үлес қосқан алтын құрсақ аналарға гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат табыстады.

Айта кетерлігі, 13-14 қараша күндері аудандық Перзентханада әр күні жеке-жеке 8 нәресте туылған. Аталған сәбилерге және аналарына дәрігерлер сапалы медициналық көмек көрсетуде.

Сәйкес жаңалықтар

Тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысына Маңғыстау облысының жұмыс тобы келді

admin

Түркістан: Сауранда мерекеге орай тәуелсіздікке үлес қосқан азаматтар мен көпбалалы аналар марапатталды

admin

Түркістан Түлкібаста 2000 жамағатқа шақталған мешіт ашылды

admin