Сарыағаш: аудан экономикасының күші – өнеркәсіп өнімінде

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында  орналасқан «Южконд» кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс орнының тынысын көрді . Кәсіпорын басқарушысы  аудан әкіміне кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде 50-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна  өнім өндіруге қауқарлы. Аталған цех 32 түрлі өнім шығаруда.  Қазіргі таңда, өндірілген тәттілер Әзербайжан мемлекетіне   және еліміздің түкпір-түкпіріне жөңелтілуде.

Айта кетсек, «Южконт» кондитерлік өнімдер өндіретін цехы 2014 жылы өз ісін алға қойып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан аудан әкімі Сарыағаш ауданының экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ел игілігі жолындағы еңбегі жана берсін деген жылы лебізін білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ