Келес: Бесқұбырда 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Қошқарата ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесіп, ауыл мәселелерін талқылады.

–  Өздеріңізбен жыл басынан бері төртінші рет кездесіп отырмыз. Өткен жолғы кездесулерімізде жалпы 19 нақты мәселе көтеріліп, бүгінде түйіткілдерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі білім мәселесінде, нақтырақ айтсам оқушы санының артуына байланысты жаңа білім ошағын салу қажет болатын. Нәтижесінде Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол қатарда Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі Қошқарата ауылдық округінің әрбір елді мекендерінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті.  Атап айтқанда Қарабура елді мекені табиғи газға қол жеткізсе, Бесқұбыр ауылындағы емхана қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшірілді. Алдағы уақытта Жаңақоныс, Бесауыл ауылдарының ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Алғабас елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынып, ел игіліген табысталды.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын аудан басшысына жолдап, жауаптарын алды. Уақыт талап ететін мәселелер бойынша арнайы ісшара жоспары бекітілетіні айтылды.

ПІКІР ЖАЗУ