Бәйдібек: аудан әкімі Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов түстен кейін Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Мәдениет үйінде өткен жиында Кеңестөбе елді мекенінің тұрғындары газдың құрылысы талапқа сай жүргізілмей жатқандығы, жоғарғы кернеулі бағаналарды  тұрғын үйлердің ауласыннан ауыстыру, мәдениет үйі мен Қ.Сыпатаев мектебін күрделі жөндеуден өткізу, спорт кешенін салу, Бірлік елді мекеніндегі ауыз судың кермектілігі жоғары екендігі, көше жарығы, жаңадан салынған аяқ жолдың кемшіліктерін қалпына келтіру, Ынтымақтағы «Сасық» өзенінің арнасын бұру, жер мәселелесімен қатар басқа да бірқатар өтініштермен, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша тиісті мамандар жауап берді. Жиында аудан әкімі газдың құрылысына байланысты айтылған мәселе бойынша коммуналдық салаға жауапты орынбасары мен бөлім басшысына тапсырма берді. Алдағы сенбі күні келіп, зерделеу жүргізіп, кемшіліктер орын алса талапқа сай қайта істелінеді.  Қостөбе көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің ауласындағы жоғарғы кернеулі бағаналарды ауыстыру жұмыстары «Оңтүстік жарық» мекемесінің 2024 жылдың жоспарына енгізілген. Бірлік елді мекеніне салынған аяқ жолдардағы кемшіліктер мердігерге ескертілген, қалпына келтірілетін болады. Ішкі көшелерге көше жарықтарын орнатуға жоба әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.    

Аудан әкімінің Көктеректік тұрғындармен өткен жиынында айтылған мәселелер назарға алынып, хаттамаға енгізілді. Әрбір айтылған ұсыныс-пікірлер жоспарға енгізіліп, тиісті бөлім, мекеме тарапынан жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі халыққа баяндалатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ