Түркістанда жаңа мюзиклге дайындық жүріп жатыр

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде қазіргі таңда «Құстар қайтып келеді» атты мюзиклға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мюзиклдің желісі Түркістанға бет бұрған үлкен көштің, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатқан әртүрлі саладағы адамдардың, соның ішіндегі бір шоғыр жастардың Түркістандағы жаңа  өмірі жайлы өрбиді.

Дайындық жұмыстарын қолға алға алған шығармашылық топпен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев кездесті. Еркін форматта өткен жиында облыс әкімінің орынбасары өнерпаздарға алғыс білдіре отырып, өңірдің мәдениет саласының дамуына зор үлес қосады деген сенімін жеткізді. Жылдың соңына қарай түркістандықтар үшін үлкен жаңалық болатын бұл жобаға «JANA LEP!» өнерпаздары атсалыспақ.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне қажетті мәдениет қызметкеріне штат берілген болатын. «JANA LEP!» соның нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен бас қосқан жас мамандар. Жалпы жұмысқа қабылданған өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі «Алқоңыр» ансамблі  жасақталып, «Самғау» би ұжымы іріктелді. Қазіргі таңда өнер ұжымы түрлі мәдени-көпшілік шараларда өнер көрсетіп жүр.

ПІКІР ЖАЗУ