Төлеби: Киелітас ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округінің әкімі Сұлтанрабат  ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі Сұлтан рабат жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.

 Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың 9-айында атқарылған және алдағы уақытта  атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу «сұрақ-жауап форматта жалғасын тапты.

 Мектеп директоры Ш.Хасанов  мектеп алдындағы бағдаршамның жанына жылдамдықты бақылайтын «Сергек» бейне камерасын орнату туралы ұсыныс,  пікірін білдірді.

 Кездесу жиынында қойылған сұрақтарға округ әкімі жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ