Бәйдібек: кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Азизханов 2023-2024 жылдары жылу беру мен аудан аумағындағы автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындықтары туралы баяндады.

Бөлім басшысы Жандос Азизхановтың хабарлауынша аудан аумағында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 426 шақырымды құрайды. Аталған жолдарды қыс маусымында күтіп-ұстаумен «Оңтүстік жолдары» МКК-ны айналысады. Бүгінгі таңға, «Оңтүстік жолдары» МКК-ның тарапынан қауіпті болып саналатын асуларға, атап айтқанда: КХ-1 жолының бойындағы Шыбықбел; КХ-2 жолының бойындағы Одаман; КХ-5 жолының бойындағы Мұзбел асуларына қажетті инертті материалдар (құм) ағымдағы жылдың 15-ші қарашасына дейін түсірілетінін мәлімдеді. Шаян елді мекеніндегі Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан мекеменің қоймасында бүгінгі таңда 201 м3 құм және 26 тонна тұз түсірілген. «Оңтүстік жолдары» МКК-ның тарапынан қыс мерзіміне 4 техника, оның ішінде:, 1 дана-Камаз самосвал (алдынғы күрегімен); 1 дана -2 м3 жүк артқыш, 1 дана- автогрейдер, 1-дана Газель техникалары әзірленсе, қосалқы мердігер “Гайтас-03” ЖШС-нің тарапынан 1 дана – 3 м3  жүк артқыш, 1 дана-Камаз самосвал (алдынғы күрегімен), 1 дана- автогрейдер техникалары қосымша жұмылдырылуда.

Аудандық маңызы бар 116,4 шақырым және Шаян елді мекенінің ішкі жолдарын қыс мерзімінде күтіп-ұстау жұмыстарымен «Жасыл саябақтар» мекемесі айналысады.

Қазіргі таңға, «Жасыл саябақтар» мекемесі тарапынан қысқы мезгілде қардан тазалау жұмыстарына 5 техникалар (1 дана -автогрейдер, 1 дана- Камаз универсал 1-дана қар күрейтін және құм шашатын,  1 дана- 3 м3 жүк артқыш), 1 дана- Газель әзір болса, 180 тонна инертті материалдар (150 тонна құм, 30 тонна тұз) мекеменің қоймасына түсіріліп қойылған.

Жылы беру маусымына байланысты аудандағы қатты отынды пайдаланатын білім ошақтары, денсаулық саласына қарасты мекемелер, спорт мектептері мен мәдениет үйлеріне және мемлекеттік мекемелерге тасымалданған. Жиында бірқатар мектептер мен балабақшалардың жылыту қазандықтары ауыстырылып жатқандығын хабардар етті. 

Алда қыс мезгілі. Ауа райына сенім жоқ. Кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек. Әрбір мекеме басшысы өз мекемесіне, ауылдық округі әкімдері өз аумақтарыңызға жауаптысыздар. Сондықтан жылудың уақытылы берілуін бақылауға алыңыздар деді, – аудан әкімі. 

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Заипұлы күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округі әкімдеріннен атқарылып жатқан жұмыстардың барысын сұрап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ