Сарыағаш: аудан басшысы ар тұрғындармен кездесуі Қабланбекте жалғасты

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың  тұрғындармен кезекті  кездесуі  Қабланбек ауылдық округінде жалғасты. Алдымен  аудан басшысы тұрғындарды  жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң шеңберінде шешу жолдарын қарастырды.

– Біздің басты мақсатымыз тұрғындарға қолайлы жағдай жасау,  әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.  Тұрғындар тарапынан  айтылған мәселелер бойынша іс-шара жоспары дайындап, жауаптылар мен   орындалу мерзімі бекітілді,-деп аудан басшысы  алдыңғы кездесулердегі айтылған мәселелер бойынша  атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы ауданның даму жоспарына тұрғындар тарапынан үсыныстарды тыңдады.

Жиында тұрғындар тарапынан электр жарығы, жол мәселесі, ағын су,  жер мәселелері  бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ