Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев ауыз су құрылысының сапасын тексерді
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан таза ауыз су құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда, Дербісек елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан 2-жетекті су айдағыш насосының дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, тас жол жүргізуге дайындық жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, абоненттік су есептегіш жәшіктері жинақталып сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылуда. Жоба бойынша аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
-Аудан тұрғындардын ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бүгінде аудан аумағындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда,-деді аудан басшысы.
Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырды.