Сарыағаш: аудан басшысы 13 көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй аумағына арнайы барып, тұрғын үйлерді табиғи газға қосу және жылыту жүйесі және жылыту қазандығы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың мән-жайын бақылады.

Қазіргі таңда, 10 көпқабатты тұрғын үйлерге жылыту жүйесі қосылып, қалған 3 көпқабатты тұрғын үйдің жылыту жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.13 көпқабатты тұрғын үйлер электр жүйесі және табиғи газ толығымен жүргізілген.

-Жылыту маусымын сапалы ұймысдастырып, атқаруымыз керек. Жылу қазандықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалауда ұстаймыз. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар толық жылумен қамтылып, ешбір тұрғын қиналмауы тиіс,- деді аудан басшысы.

Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан әкімі жауапты мердігер мекеме өкіліне және жауапты бөлім басшысына келісім шарт бойынша белгіленген уақытта сапалы аяқталуын тапсырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы 13 көпқабатты тұрғын үй аумағында құрылысы жүріп жатқан аялдаманың мән-жайымен танысты.

Айта кетсек,аталған аялдама аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнде, аялдаманың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып жақын күндер тұрғындар игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ