Бәйдібек: «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды

“Ұлы дала” Ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы «ZHAS PROJECT» жобасында Бәйдібек ауданынан

Ботакөз Жетпісбайқызы, Кондитерлік цех жобасы бойынша жеңімпазы атанды.

«Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамдастықтың өміріне тарту және қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту болып табылады.

Осы жылы, Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастардың осал топтары арасында жобаны іске асыру шағын гранттар жобасы іске асырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудан, қаласынан 143 өтінім түсіп, оның ішінен ережеге сай келген 61 жоба техникалық іріктеуден өткізілді. Сонымен қатар, келесі кезеңге өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысы барысында 30 жоба комиссия алдында өз жобаларын қорғап, нәтижесінде 20 жоба грант иегері атанды.

Барша жеңімпаз жастарды құттықтаймыз!

ПІКІР ЖАЗУ