Түркістан: көпқабатты тұрғын үйлерге газ жүйелі берілуде
Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерге газ берілуде.
Қала әкімінің өкімімен арнайы құрылған жұмысшы топ көпқабатты үйлердің жылумен қамтылуын жүйелі қадағалауда.
Бүгін тұрғындар өтінішіне сәйкес, Отырар мөлтек ауданында ЖК Нұртас тұрғын үй кешенінде газ қосылып, тұрғындар жылу қолданып бастады.
ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ!
Қазіргі таңда қала аумағындағы газ құбыры жүргізілген аймақтардың 98% көгілдір отын қолданып отыр.
Назарларыңызға газ тұтынудағы қауіпсіздік ережелерін ұсынамыз.
ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!
Газ қазандығын тұрғын үйдің ішіне орнатуға болмайды, арнайы бөлек орында тұрғаны дұрыс өйткені газдан улану қауіпі өте жоғары.
Газ қазандығын жылыту маусымына дайындау алдында мұржасын тексеріп тазалап алу керек.
Қазандық тұрған бөлменің жоғары жағында арнайы түтікшесі болу керек.
Айта кетейік, Түркістан қаласы «ЖК Нұртас» тұрғын үй кешені 15 көше 18 үй тұрғынының арызы бойынша, тұрғын үйден пәтер алған тұрғындар газ желісін жүргізілген орыннан өз тараптарынан газ желісіне өзгерістер енгізген.
Өз кезегінде, жергілікті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы берілген техникалық шартқа сәйкес болмағандықтан және ол адам өміріне аса қауіпті болғандықтан газ қосуға рұхсат бермеген.
Қазіргі таңда, өзгертілген желі бойынша құжаттарын қайта рәсімделуде. Бүгін кешке дейін жұмыстарды толық аяқтап сығымдау жұмыстарын жүргізіп табиғи газ қосылатынын хабарлаймыз!