Түркістан қаласы тұрғындарының 98%-ы табиғи газды тұтынып отыр

Түркістан қаласында қазіргі таңда 38 032 абонент, яғни қала тұрғындарының 98%-ы табиғи газды пайдалануда. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлім етті.

Шаһар басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы 845 шақырым жолдың 50%-ға жуығы толық асфальтталған.

– Биыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға баратын және соларға қосалқы жатқан жалпы 42 шақырымдық 43 көшеге аяқжол төселді. Қазіргі таңда қала аумағында 224 аялдама қолданыста бар. Биыл қосымша 120 аялдаманы орнату қолға алынып, қазіргі таңда 50-нің жұмысы толық аяқталды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға 119 жаңа автобус алынған. Жыл соңына дейін қосымша 28 автобус алынып, жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 78%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, биыл 700-ге жуық көшеге жарықтандыру жүйелері орнатылатын болады, – деді қала әкімі.

Айта кетерлігі, Түркістан қаласындағы 42 240 абоненттің 98,9%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал электр қуатымен қамту деңгейі жыл соңына дейін 84,9%-дан 98,5% жеткізу жоспарланған.

ПІКІР ЖАЗУ