Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: 2023 жылғы қазан айының 23-27 күндері аралығында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Іс-шаранын негізгі мақсаты мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдері қалыптасқан азаматтарды және көлік жүргізушілерін тексеру, ескертпе түсіндірме жасау.

Ескертпе ретінде: Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар, одан сон аталған айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылып 100%-ға ауыстырылады.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде төленбеген айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындар немесе сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлаймыз.

Айыппұлы бар автокөліктер сот орындаушылар қаулысына сәйкес айыптұраққа орналастырылып, көлік иелеріне айыппұл төлеу керек екендігі жайлы ескерту жұмыстары жүргізілуде.

Құрметті Түлкібас ауданының тұрғындары мен қонақтары, өздеріңізге салынған айыппұлдарды заңда көрсетілген жеңілдіктерді, мерзімді пайдалана отырып уақытылы төлеулеріңізді сұранамыз!

Сәйкес жаңалықтар

Наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды

admin

Тұрғындарға 39 млн теңге шығын келтірген әккі алаяқ ұсталды

admin

Созақ ауданында күрделі жөндеуден өткен жедел жәрдем бекетінің ғимараты пайдалануға берілді

admin