Сайрам: қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Алқалы жиынға ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен кеңес мүшелері қатысты. Мәжілісте Қоғамдық кеңестің төрағасы М. Исалиев төрағалық етті.

Кеңесте Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383— V

«Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480—V «Құқықтықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, «Сайрам аудандық мәслихатының ауданның елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескертетін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы»шешімнің жобасына қорытынды беру туралы мәселелер талқыланды.

Содан соң, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Әйтекеева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Нұрлыбаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ә. Төлегенов, Ақсукент ауылдық округінің әкімі Ә. Бөрібеков, Қарасу ауылдық округінің әкімі Д. Сыдықов және Арыс ауылдық округінің әкімі М. Сиддиков бүгінгі жиында 9 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.

ПІКІР ЖАЗУ