«Түркістан – бақ мекенім» шарасы жалғасуда

Қала күнін атап өту мақсатында облыс орталығында «Түркістан-бақ мекенім» мәдени-салауатты өмір салтын ұстану концерттік шарасы ұйымдастырылған болатын.

Шара аясында №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жеңіс» саябағында концерт қойылды.

Жеңіс саябағында өткен басқосуда зейнеткерлерге арнап Түркістан қалалық Мәдениет үйінің күміс-көмей әншілері мерекелік әннен шашу шашып, бишілер би айдынында еркін тербелді.

Елдің асқақтығы мен азаттығын әнге қосқан өнерпаздардың әуезді әндеріне тыңдарман қанаттанып қол соғып, қосыла биледі. Түркістан туралы тың сұрақтар көрерменге қойылып, жылдамдық пен ептілік танытқандар бағалы сыйлықтар және дипломдарға ие болды.

Ал, қаладағы спорттық шараларда туымызды биіктетіп жүрген жасөспірімдеріміз спорттың сан түрінен үзінділер көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналды. Оларды баптаған жаттықтырушыларына арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Шара соңында “Түркістан” әнін қоса шырқаған көрермен ыстық ықыластарын білдіріп, шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарасты.

ПІКІР ЖАЗУ