Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ТАЗА ТАБИҒАТ»

Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

25 қазан – Республика күні қарсаңында Қазығұрт ауданында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында, сондай-ақ, аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен коммерциялық және басқа да ұйымдар қызметкерлері, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Сенбілік барысында барлық елді мекендер, көшелер, арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылып, көшеттерді ақтау жұмыстары жүргізілді.

Кең көлемде өткен тазалау жұмыстарына 1000-нан астам адам қатысып, белсенділік танытты.

Жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда II халықаралық Түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы басталды

admin

Өнім көлемі 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен 80 млрд 244 млн. 700 мың теңгені

admin

Өнерпаз полицейлер арасында «Өнерліге өріс кең» байқауы өтті

admin