Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сауран: қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Созақ аудандық бөліміне (ХҚКО), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Наркабулов Нурлан мен Созақ ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Дәулетбаев Өмірбек мемлекеттік көрсетілетін кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді. Бақылау барысында аудандық бөлімнің жұмысымен танысып, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б мәселелері талқыланып, қызметтерді көрсетудің қолайлығы мен мүмкіншіліктері бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Еңбекші ауданында 17 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылды

admin

Сарыағаш ауданы сотында жаңа судья тағайындалды

admin

Түркістан қаласында табиғи газға қосылған абонент саны — 35 294

admin