Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сауран: Елордада жерлесіміз Бексейтов Ержан «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды

2023 жылғы 18-29 қазан күндері Елорда төрінде азаматтық қоғамды қалыптастыру тетіктерін талқылау алаңына айналған «Әділетті Қазақстан: баршаға және әркімге — азаматтық қоғам дамуының басты векторы» атты XI Азаматтық форум өтті.

Форумда Сауран ауданының құрметті азаматы, Майдантал ауылдық округіндегі «Әйтеке би » атындағы мектептің мұғалімі Бексейтов Ержан Құлахметұлы қайырымдылық саласындағы құрметті атақ «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Кадиров табыстады. Бексейтов Ержан Ынталы елдімекенінде қайырымдылық жұмыстар атқарып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп, 2 отбасыға баспана салып беруге атсалысты.

Ержан Құлахметұлын алған марапатымен құттықтап, отбасына бақ — береке мен қайырымдылық саласындағы жұмыстарына табыс тілейміз!

Сәйкес жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда донор үш адамға өмір сыйлады

admin

Қазығұрт: ауданы аумағында жер қойынауын өз бетінше пайдалануды болдырмау мақсатында, жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар

admin

Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

admin