Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: қайтарымсыз грант алып кәсіптің көзін тапқан

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беруде. Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының тұрғыны қайтарымсыз грант алып, Этно стильдегі қазақша киімдерді тігу шеберханасын дамытып отырған көп балалы ана, Ж.Карсыбаеваның кәсібімен танысты. Ж.Қарсыбаева қайтарымсыз гранттың қаржысына тігін машинасын,киім пішу столын және керекті тігін құралдарын сатып алып, кәсібінде кеңейткен. Жас шебер тапсырыспен ұлттық нақыштағы киімдер, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігумен айналысып, кәсібін дөңгелетуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев көп балалы ана Б.Койшибекованың кәсібімен танысты. Жас кәсіпкер қайтарымсыз грант алып, бүгінде фаст-фуд тағамдарын дайындау бойынша орталық ашқан. Кәсібін ілгерілету мақсатында орталықта фаст-фуд тағамдарының бірнеше түрі бар.

Жас кәсікерлердің кәсіптерімен танысқан аудан басшысы кәсіпкерлерге сәттілік тілеп, мемлекеттен берілген қайтарымсыз грант қаржысы адал және тұрғындардың игілігіне пайдалану басты мақсат екенін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлердің гарнизондық байқауы өтті

admin

Кентау: айылдырда көптен бергі көтерілген айналма жол мәселесі өз шешімін табуда

admin

Кентау қаласы әкімінің өкімімен Кентау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Баубек Асқар Есенбайұлы тағайындалды.

admin