Шардара: министр іссапармен келді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Шардара ауданына іссапармен келді.

Министр ең алдымен Ақшеңгелді ауылдық округінде жүргізіліп жатқан ПУИД-2 ағын су каналдарын бетондау және Батыс ағын су коллекторының құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Ұзын ата ауылындағы қазылып жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылысын қарады. Ұзын ата ауылында министрге аудандық мәслихат депутаты Б.Кеншім аудандағы ағын су тарифы мен ағын су үнемділігі бойынша мәселе көтерді.

Сонымен қатар құрылысы кешеуілдеп тұрған Жаушықұм алқабында 12192 га алаңдағы су тартқыш пен сорғы станциясын реконструкциялау жобасымен танысты. Жобаға жауапты тараптарға ескерту жасап, мәселені шешуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Шардара су қоймасының жалпы жағдайымен танысты. Министрге аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров «Тама-Тастанбек» ауыз су жобасын таныстырып, жобаға қолдау жасауды сұрады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы аудандағы бірақатар жобалармен танысып, ондағы жұмыс барысын тыңдап, мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ