Сайрам: қараша халықтың базынасы тыңдалды

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитовтың Көлкент ауыл округінің тұрғындарымен lV тоқсандағы кезекті кездесуі өтті.

Мұндай басқосулар – проблемалық аймақтарды көріп, халықпен бірлесе шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Кезекті кездесуде халық аудан басшысы А. Сәбитовке ауылдағы инфрақұрылым мәселелерін жеткізіп, ТКШ бөлімінің басшысы Б. Бейсембаевтан ауыз су, табиғи газ және жолдар сияқты инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары қашан шешілетінін сұрады. Мәселен, Ақсуабад елді мекеніндегі №76 ЖОМ мектепке баратын жол жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ауыл әкімінің айтуынша, Т.Рүстемов көшесінде орналасқан №76 ЖОМ-не баратын жолдың жалпы ұзындығы-1,3 ш.қ. құрайды. Бұл орайда аудан әкімі А.Сәбитов қазір аталған жерге 195 млн. теңге құны жобаға ЖСҚ әзірленгенін атап өтті. Аталған Т.Рустемов көшесінен басқа Көлкенттегі тағы 6 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып ауыл халқын қуантып қойды. Жоспарға сәйкес жол жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталуы тиіс.

Бұдан бөлек, кездесуде халық Ақсуабад ауылына табиғи газ құбыры тартылмағанын айтты. Бүгінгі таңда аталған ауылға табиғи газ жүйесін іске қосу жұмыстарын «Ақ Орда Коорпорациясы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жаңадан салынған аумақтарда және жобаға кірмеген жаңадан салынған тұрғын үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша сметалық құжаттама әзірленетін болады.

Мұнан соң, аудан әкімі Арман Сәбитов

Көлкент елді мекеніндегі Үштөбе жаңақұрылыс аумағында барды. Аталған аймақта ауыз су құбырларын тарту мәселесі қаралды. Биыл су мұнарасы және су ұңғымасына жергілікті бюджет есебінен 15.3 млн. теңге қаржы бөлінген. Көлкент елді мекені Үштөбе тұйық көшесіне су мұнарасы орнатылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Тек аталған аумақта ауыз су жүйелері болмағандықтан су ұңғысы іске қосылмауда. Бүгінде ауыз су жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, қажетті қаражатты қарастыру үшін бюджетке ұсыныс берілген.

ПІКІР ЖАЗУ