Төлеби: «Туған жерім-алтын бесігім» атты мәдениет күндері аясында Гала-концерт өтті

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан, қалалар арасында мәдени байланысты нығайту, іс-тәжірибе алмасу мақсатында аудандық мәдениет сарайында «Туған жерім-алтын бесігім» атты мәдениет күндері аясында Төлеби ауданының Қазығұрт ауданындағы мәдениет күндеріне орай Төлеби ауданы өнерпаздарының Гала-концерті өтті. Концерт «Ердің бақыты – әйел» атты сахналық қойылыммен басталды. «Төлеби сазы» фольклорлы тобы және жеке дауыста Досжан Бейсетаев пен Қаныбек Асылбеков «Керім – айдай» әнін шырқады. Облыстық байқаулардың лауреаты Бақдаулет Ағабеков «Қазығұрт» әнін орындаса, Досжан Бейсетаев, Айман Аппасова, Эльмира Тортаева, Ерұлан Тұрғынов халық әндерінен поппури орындады. «Көркем» би тобы «Қазақ» биін билеп, «Бір бала» халық әнін Майра Шерімбетова, Милана Юлдашева және Жансұлу Бозанова орындап халықтың ыстық ықыласына бөленді. «Төлебиім – ғажабым» атты әнімен қонцертті қорытындылады. Концерт соңында Төлеби аудандық мәдениет үйі қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

ПІКІР ЖАЗУ