Кентау: Хантағыда тындырымды тірліктер жүзеге асырылуда

Кентау қаласы әкімінің м.а Қуаныш Искаков Хантағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Ауыл тұрғындары ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын атап, жайылым жердегі су мәселесін көтерді. Бұлақтар тартылып су ішуге мүмкіндік жок деге ауыл тұрғындарына, Қуаныш Искаков астау істеп бұлақтарды ашу бойынша жұмыс атқаратынын түсіндірді.

Қала әкімінің м.а Қуаныш Ғалымжанұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз ісін бастаған шаруақожалықтың жұмысымен танысты. Ауыл тұрғыны А.Салы 8400,0 мың теңге несие алып, мал бордақылау жұмысын бастаған. Бүгінгі таң 35 бас жылқы бодақылануда.

Сондай-ақ жергілікті бюжеттен ауылдағы шағын футбол алаңшасының құрылыс барысын бақылады.

Сонымен қатар, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыстан өткен көшелерді аралады. Биыл хантағы ауылындағы 6 көше ұзындығы 8.3 шақырым құрайтын жолдар орташа жөндеуден өткен болатын.

ПІКІР ЖАЗУ