Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев – ең бастысы – құрылыстың сапасы сақталуы қажет

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су қоймасының және ауыз су құбырларының құрылыс жұмыстарына арнайы барып,мән-жайын бақылады.

Айта кетсек, Дербісек елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «МЕЛИОРАТОР» ЖШС-і тарапынан су қоймасын қоршау жұмыстары жүргізіліп, жобалық тегістеу су айдағыш насосының құбырлары тартылған.

Қазіргі таңда, құрылыс монтаж жұмыстары 80-85% орындалып, су құбырлары жүйелерінің (ГНБ) бұрғылау жұмыстары және ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Аталған елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 15 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар бере отырып, орындалу мерзімін жіті бақылауында болатынын ескертті. Сондай-ақ, ауыл әкіміне жұмыс барысын баяндауды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ