Түлкібас: ерекше бала- болашақ дана

Өмір тәлкегіне түскен жандарды мемлекет жалғыз қалдырмайды. Оған дәлел жыл сайын жарымжан жандарға арналған түрлі іс-шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып келеді.Осыған орай өткен аптада Азаттық ауылының Мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Өмірді сүй» атты мәдени, әдеби-сазды мерекелік шара өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып белгіленді.Ал, Қазақстанда бұл мереке жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Салтанатты шарада этномәдени орталықтарының және мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге өнерге ерекше зәрулігі бар жандар өз өнерлерін көпшілікке ұсынды. Тағдырдың сынына мойымай, арманына қанат қаққан жандар аз емес. Сахна төрінде жанды дауыста ән шырқап, жұртты таңдай қақтырды. Көпшілікке ой салды.

«Қандай қиындық болмасын төзімділік танытып, мойымай, алға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген сіздер әрқашанда біздің мақтанышымсыздар. Алдағы уақытта жақсылықтардың ғана куәсі болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін» -деп Марат Жанесен шараның ашылу салтанатында өз құттықтауын жеткізді. Концерттік бағдарлама барысында ерекше зәрулігі бар жандар ән айту, би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, өлеңді мәнерлеп оқу сынды өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Іс-шараға белсенді қатысқан жандар аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2023 жылдың 1 қазанына ауданда 5586 мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады, олар ауданның жалпы тұрғындарының 4,9% құрайды. 2023 жылдың 8 айында қорытындысымен ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға мемлекеттен келесідей көмек көрсетілді. Сурдотехникалық құралдарға 33 мұқтаж азаматтар 68 құралдарымен, Гифлотехникалық құралдарға мұқтаж 60 азамат 199 құралдарымен,қол арба құралдарына мұқтаж 77 азамат 112 құралымен, ымдау тілі маманы қызметімен 53 мүмкіндігі шектеулі жан қамтылды. Сондай-ақ жеке көмекші қызметімен 156 мүмкіндігі шектеулі жан қамтылуда және санатория-курорттық емдеуге 827 жолдама бөлініп, 631 мүгедектігі бар адамдар жолдамамен қамтылды. Ауданда халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталығында әлеуметтік қызметкерлердің күтімінде 18 жасқа дейінгі 152 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауры бар 78 мүгедектер күтімге алынды.

Сонымен қатар, үйде оқып тәрбиеленіп отырған 146 мүгедек балаға қыркүйек айына 7118,0 мың теңге материалдық көмек тағайындалып төленді. Күтімдегі 152 баланың 41-і мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау бөліміне, мекеменің арнайы әлеуметтік Газель көлігімен күнделікті тасымалдануда.

Қазақ жетімін жылатпаған, кемтарын кемсітпеген текті жұрт. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетілуде. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалмауы қажет. Ата-заңда көрсетілгендей Қазақстанның әр азаматы тең құққықа ие.

ПІКІР ЖАЗУ