Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: “Тілім-тұмарым” атты аудандық жас ақындар іріктеу кезеңі

Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР » ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өнерін насихаттау мақсатында “Тілім — тұмарым” атты жас ақындар айтысы өтті. Айтысты өткізу мақсатымыз ауданымыздың дарынды оқушыларының ішінен жас айтыскер өнерпаздардың өнерін ашып, іріктеп алу. Ақындар өлең-жырды кенеттен суырып салма түрінде шығарады. Қазақ халық ақындарын оқушыларға таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой — өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беріп, оның түрлерімен таныстыру. халық — ақындық жанр мен әншілік, ақындар, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты ояту. Оқушылардың білімдерін жан — жақты дамыту. Ата – бабаларымыздың салт — дәстүрінен көп мағлұмат беру. Өткізіліп отырған айтыстың мақсаты да осы негізде.

Айтысқа қатысып, бақ сынасқан оқушылар көрсеткен өнерлеріне орай әділ-қазылар тарапынан бағаланды және бас жүлдені жеңіп алған Абай ат МЛ 10 -сынып оқушысы Қуан Рамазан 2023 жылдың 20 қазан күні өткізілетін облыстық ақындар айтысына жолдама алды.

Сәйкес жаңалықтар

«Қазақтелеком» Қызылорда облысына арналған цифрлық жобаларын таныстырды

admin

Ербол Қарашөкеев «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы мектептердің құрылысын тексерді

admin

Бәйдібек: кезекті аппарат мәжілісі өтті

admin