Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өтті

Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөлімінің “Балалар өнер мектебі” Састөбе бөлімшесінің оқушылары «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР » ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өнерін насихаттау мақсатында “Жаңа күн — Жаңа Қазақстан” тақырыбында айтыс, пікірталас өткізді.

Жаңа Қазақстан — жарқын болашақ-адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет.

Жаңа Қазақстан, рухани өркениеттің бесігі. Еліміз Тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойы халықтың арманы, мақсаты орындалды, ата-баба алдындағы парызы өтелді.

Ең басты құндылығымыз-Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында еңбек ету керек.

Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан-жаңару мен жаңғыру жолы бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты.

Сәйкес жаңалықтар

Облыстағы су айдындары бақылауда тұр

admin

«Шаңырақ» несиелік бағыты аясында 557 азамат сатып алу туралы келісім шартын жасасты

admin

Бәсекеге қабілетті кадр дайындау ісі жалғасуда

admin