Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: тұрғындар мәселесі оң шешімін табуда

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, Ердәуіт елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылысы жұмыстарының мән-жайымен танысты.

Айта кетсек, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың наурыз айында өткен халықпен кездесуіндегі Дарбаза ауылдық округ тұрғындарының өтінішін жол картасына енгізген болатын.Тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан басшысының тапсырма орындалуда.

Қазіргі таңда, Ердәуіт елді мекеніндегі спорт алаңшасына ЖШС «Сарыүйсін» мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі.

Спорт алаңшасының жай-күйін бақылаған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне және жауапты бөлім басшысына аталған кемшіліктерді мерзімінде қалпына келтіруді тапсырды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды

admin

Саябаққа Қосан Мамытовтың есімі берілді

admin

Ордабасы: тұрғындар «Ауыл аманаты» бағдарламасына белсене қатысуы қажет

admin