Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарын бақылады

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.

Алдымен, Сарысу елді мекеніндегі 200 орындық №40 Н.Әбдіров атындағы мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, қәзіргі тңда атқарылып жатқан жұмыстарын бақылады.

Айта кетсек, мектеп ғимаратының сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеменің тарапынан басталған болатын.

Бүгінгі таңда, А блогының шатырын жабу және сыртқы қабатын жылытқышпен қаптау жүргізілуде. Сонымен қатар, В блогында орналасқан асхананың шатырын жабу және инженерлік құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, су, кәріз жүйелері және электр, жылыту жүйелерін жұмыстары атқарылуда.

Келесі кезекте, аудан басшысы Құрысай елді мекеніндегі №63 бастауыш мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан әкімі мердігер мекемеге өкілдеріне және тиісті бөлім басшыларына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ,ауыл әкіміне құрылыс барысын баяндауды жүктеді.

Сәйкес жаңалықтар

Талдықорғанда патрульдік полицейлер аруларға ерекше көңіл-күй сыйлады

admin

Қытай елінің әлемдік державаға айналуына себеп болған не?

admin

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

admin