Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: саурандық сарбаздар әскерге аттанды

Бүгін Сауран ауданында «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты әскерге шығарып салу рәсімі өтті.

Отан алдындағы абыройлы борышын өтеуге саурандық 11 азамат аттанды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, Сауран аудандық мәслихатының төрағасы С.Байсбаев, «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Б.Алдабергенов, Түркістан қаласы және Сауран ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы, полковник Д.Нұржанов қатысып, жастарды Отан алдындағы қызметін абыроймен атқаруға шақырды.

Сонымен қатар, шарада патриоттық әндер шырқалып, шара соңында зейнеткер, еңбек ардагері А.Бабашов әскери борышын өтейтін жастарға ақ батасын берді. Айта кетерлігі, жыл басынан бері әскерге Сауран ауданынан 100-ден астам сарбаз аттанған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында электр жүйесімен қамту 90,6%-ды құраған

admin

Алматыда 1000-нан астам адам мерекелік керуенімен жүріп өтті

admin

Жетісай: аудан әкімінің кезекті қабылдауы өтті

admin