Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы іс сапармен барып, Нұрлы жол елді мекенінде салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты.
Бүгінгі таңда, мектептің құрылыс жұмыстарын «Ar Kua Group» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы 1,6 га аумақты құрайды. Қазірде, нысанның іргетасы қаланып, ішкі әрлеу және жылыту жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілі жасалып жатқан құрылыс жұмыстарының жай-күйін баяндады.
Құрылыс қарқынына куә болған аудан басшысы Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне адам санын көбейтіп , жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындауды жүктеді. Сондай-ақ, жіті бақылауында болатынын және 3 аптадан соң қайта келіп, тексеретінін атап өтті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
