Сарыағаш: аудандағы каналдардың жағдайы тұрақты бақылауда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекені аумағынан өтетін Рамадан каналынан бөлініп шығатын Р-4-3 каналының қазіргі таңдағы жағдайымен танысты.

Айта кетсек, Құркелес ауылдық округі Алғабас елді мекені маңындағы суармалы егістік жерлерді толық ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында Рамадан каналынан бөлініп шығатын Р-4-3 каналы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, жарамсыз болып қалған латоктарды жаңадан қою жұмыстары қазан-қараша айларында жүргізіледі.

Каналдың жәй-күйімен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне және ауылдық округ әкіміне жұмысты сапалы орындап, тұрғындарға ағын су жеткізуден мәселе болмау керектігін ескертіп, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталған жағдайда арнайы барып құрылыс сапасын бақылайтынын жеткізді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ