Қазығұрт: «Достық дастарханы» бірлікті нығайта түсті

Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округінде аудандық өзбек этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» атты палау фестивалі болды. 2015 жылдан бері дәстүрге айналып, жыл сайын 25 қазан – Республика күні қарсаңында өткізіліп келе жатқан бұл сайыс ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттап, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға тигізер септігі мол. Атаулы фестивальға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, құттықтауын жеткізді.

– Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет екені баршаңызға мәлім. Сондықтан, біз үшін «ынтымақ», «бірлік» деген ұғымдар үлкен мәнге ие. Еліміздегі барша ұлттар мен этнос өкілдерінің көк туымыз астында бүгінгі күнге дейін тату-тәтті, ынтымағымыз жарасқан күйде күн кешіп жатқаны баршамыздың достыққа деген, бірлікке деген ұмтылысымыздың арқасы деп білемін, – дей келе, барша сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, атаулы жиынға көршілес Өзбекстан Республикасынан, Түркістан облысының басқа да қала-аудандарынан қонақтар келіп қатысты.

Мерейлі іс-шара барысында аудан әкімі Азизхан Азимханұлы өзбек этнос өкілдерімен өзара достықтың белгісі ретінде сый-сияпат жасасып, сайысқа түскен аспаздарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ