Түркістан: инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінде атқарылған жұмыстарды сараланды

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінде атқарылған жұмыстарды саралады. Берілген тапсырмаға сәйкес бөлім басшысы сектор жетекшілерімен бірлесе отырып, су жиналатын орындарды анықтап, дренаж орнатуды ұйымдастыруы керек болатын.

 Жауапты мамандар қазіргі таңда қала аумағында жалпы 35 дренаж орнатылып, 5 жерге суағар жасақталғанын мәлімдеді.

– Әлі де күн қарасып тұр, уақытты тиімді пайдалану керек. Ертеңгі күні “байқамай қалдық, көрмедік” деген сылтаулар қабылданбайтынын ескертемін. Сектор басшыларының жауапкершілігі бөлім басшысымен тең қаралады. Сондықтан, аумақтарыңыздағы жауын суы жиналатын аймақтарды толық зерделеп, ұсыныс беруді тоқтатпаңыздар, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

 Тұрғындармен кездесу нәтижесінде Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне 354 тапсырма берілген. Оның 342-сі орындалып, бақылаудан алынған. 6 тапсырма атқарылуда, 6 тапсырманың орындалуы келесі жылға өтпелі.

ПІКІР ЖАЗУ