Түркістан облысында жыл басынан бері 460 егіз, 6 үшем дүниеге келген

Елімізде егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Ұлттық статистиканың мәліметінше 2022 жылы 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келген. Соның ішінде Түркістан облысында – 1185 егіз, 24 үшем. Облыстың оңтүстік аудандарында туу көрсеткіші жоғары. Ал биыл жыл басынан бері 460 егіз, 6 үшем туылған.

Былтырғы жылдың мәліметінше Алматы облысында 782 егіз, Алматы қаласында 756 егіз бен 21 үшем. Астана қаласында 18 үшем дүниеге келген. Жалпы 2022 жылы туған сәбилер саны – 403,9 мың. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау – 28,53 адам, Түркістан – 27,67, Шымкент қаласы – 27,13. Туудың негізгі үлесін 30-34 жас (28,6%) және 25-29 жас (28,1%) жастағы әйелдер құрайды.

Айта кетейік, Қазақстан халқы саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен. Оның ішінде 2 млннан астамы Түркістан облысының тұрғыны.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ