Отырар: жалпыаудандық сенбілік өтті

Бүгін аудан орталығында және елді мекендерде жалпы аудандық сенбілік өтті.

Сенбілік шарасына аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауыл округі әкімдіктері, мекеме қызметкерлері шығып ауданның тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Сенбілік барысында аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы Жібек-жолы даңғылы, М.Әуезов, Д.Алтынбеков көшелері бойындағы арықтарды қоқыстардан тазарту, арамшөптерден тазалау жұмыстары атқарылды.

Ауданда өткен сенбілікке 8 арнайы техника жұмылдырып, 6 ға тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі.

Құрметті аудан тұрғындары “тазалық-ауладан” ауданымызды көркейтуге өз үлесімізді қосайық!

ПІКІР ЖАЗУ