Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Облыстық «Фараб» кітапханасы республика бойынша үздік атанды

Ақтау қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығына арналған «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбында конференция өтті.

Республика көлемінде өткізілген конференция барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Kitap Time» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында іс-шараларды жоғары деңгейде өткізгені үшін Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы үздік деп танылды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кітапхана директоры Жанат Шардарбековаға сертификатты табыстады. Айта кетейік, былтыр аталған кітапхана директоры «Жыл кітапханашысы – 2022» атанған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қол қойды

admin

Қазақстандықтар өңірлердегі судың «қара нарығы» фактілері бойынша анонимді түрде жүгіне алады

admin

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

admin