Сайрам: аудан әкімінің жұмысына апталық шолу

08.10 Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні аталып келеді. Бұл ретте, аудан әкімі Арман Сәбитов және аудандық мәслихат хатшысы Ш. Халмұратов Қарабұлақ ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі 4 жасар қыздың үйіне барып жылы лебіздерін білдірді. Аудан басшысы А.Сәбитов мүгедектігі бар бүлдіршінге қарап отырған ата-анасына қолдау білдіріп, жасап жатқан еңбектерінің орасан зор екендігін атап өтті

06.10 Бұл күні аудан әкімі Арман Сәбитовтың төртінші тоқсандағы ауыл тұрғындарымен кездесуі Арыс ауылдық округінде жалғасты. Аудан басшысы алдағы уақытта тұрғындардың тілегі кезең-кезеңімен іске асатынын айтып, ауыл халқын қуантып қойды. Сонымен қатар, тұрғындарды толғандырған мәселе диалог орнату арқылы шешілетіндігін жеткізіп, ауылды көркейту үшін аудан халқын бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

06.10 Aудан әкімі Арман Сәбитов 58 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде

Әулиекөл көшесінің тұрғындары тротуар, жол, трансформатор, табиғи газ, мектеп салу мәселелерін көтерді. Аудан басшысы қарашаның 5 -іне дейін аталған көшеге транформатор

орнатып, тас төсеп беруге уәде берді. Ал газ, жол, свет, тротуар мәселелері бойынша үстіміздегі жылы жобалық сметталық құжаттары әзірленіп , 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатынын айтты. Сонымен қатар, Мектеп құрылысын яғни

жекеменшік мектепті жеке кәсіпкерлер тарапынан салдыру жоспарда бар екенін

жеткізді.

06.10 Сәрсенбі күні аудан әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдауына Ақсукент ауылдық округінің тұрғыны жазылды. Азаматшаның айтуынша, Бекет батыр көшесіндегі 8-9 үйді жылына бірнеше рет су басады екен. Мұның себебі, үйдің алдындағы арықтар жаңбырлы маусымда суға толып үйлерге қарай өтетін көрінеді.Тұрғыннаң өтініші бойынша А.Сәбитов мәселені өз көзімен көру үшін осы көшенің тұрғындарымен кездесті.

05.10 Бұл күні аудан әкімі Арман Сәбитов кезекті есепті кездесуін Жібек Жолы ауылдық округінде жалғастырды. Халықпен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Ш. Халмуратов, әкім орынбасары М.Оразалиев және бөлім басшылары қатысты. Сапар барысында А.Сәбитов Жібек жолы ауылының ауыз су жүйелерінің жұмысымен танысты. Бұл ауылдың тұрғындары сапалы ауыз су мәселесін жиі көтеретін. Осы орайда, аудан басшысы мәселе орын алған жерге тұрғындармен бірге барды. Мұнан соң, аудан әкімі Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебінде болды. Білім нысанына 2021 жылы 300 орындық қосымша ғимарат құрылысына 1.3 млрд теңгеге ЖСҚ жасалып, экспертизадан өткен. Қазір мектеп құрылысына қаражат бөлу үшін облыстық бюджетке ұсыныс берілген. Аудан әкімі бірінші кезекте аталған білім ордасының мәселесі бақылауында екенін атап өтті.

05.10 Аудан әкімі Арман Сәбитов Манкент ауыл

округіндегі төртінші тоқсандағы халықпен кездесуі ашық далада, еркін форматта

өтті. Бүгін аудан әкімі проблемалық орындарға тұрғындармен бірге барып шешу

жолдарын қарастырды. Кездесуде тұрғындар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, нақты жауап қайтарылды. Жеке сұрақтарымен жүгінген азаматтарды тиісті мекеме мамандары қабылдайтын болды.

04.10 Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Арман Сәбитов тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізуде. Бүгін аудан басышысы 5 тұрғынды жеке

мәселелері бойынша қабылдады. Жеке сауалдардың басым бөлігі жер мәселесі,

қайтарымсыз грант немесе мал қорасын заңдастыру бағытында болды.

04.10 Аудан әкімі Арман Сәбитов 300-ге жуық халықпен кездесіп, тұрғындарды толғандарған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Күн тәртібінде «Аудандағы өзекті мәселелер мен оның шешу жолдары» жайында алғашқы болып аудан әкімі А.Сәбитов баяндады.

04.10 №93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінде «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сәбитов қатысты. Аудан әкімі білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ