Сайрам: А.Сәбитов жеке қабылдауға жазылған тұрғынның үйіне барды
Кеше аудан әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдауына Ақсукент ауылдық округінің тұрғыны жазылды. Азаматшаның айтуынша, Бекет батыр көшесіндегі 8-9 үйді жылына бірнеше рет су басады екен. Мұның себебі, үйдің алдындағы арықтар жаңбырлы маусымда суға толып үйлерге қарай өтетін көрінеді. Тұрғыннаң өтініші бойынша А.Сәбитов мәселені өз көзімен көру үшін осы көшенің тұрғындарымен кездесті. Нәтижесінде әкімнің тапсырмасына сәйкес арықтар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, А. Сәбитов Төтенше жағдайлар департаментіне комиссия құруды тапсырды. Енді комиссияның шешімімен арықтарды бетондауға ЖСҚ әзірленеді. Бұл өз кезегінде қаражат бөліп, арық мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы