Түлкібас: “Мың бала ” республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында конкурс өткізілді
2023 жылдың 3 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы АТМЛ-нің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен “Мың бала ” республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу мақсатында “Өнерлі өрге жүзер”, “Жарқыра, жас дарын!” “Өнер алды-қызыл тіл” атты конкурсы өткізілді. Жоба мақсаты: этностық топтардың мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан жастары мен өскелең ұрпағын ынталандыру арқылы Қазақстандық бірегейлікті дамыту.
Байқауға білім беру ұйымдарының 5-11 сынып өзге ұлт оқушылары қатысты. Жалпы конкурсқа 5-11 сынып өзге ұлт оқушылары үлкен дайындықпен келген.Әсіресе, биылғы мерейтой иелері Мағжан Жұмабаевтың, М.Мақатаевтың шығармаларын көптеп таңдаған.
Конкурстың қорытындысы бойынша байқау шарттары мен бағалау критерийлері негізінде А.Пушкин ат.АТМЛ 10-сынып оқушысы Шахназарова Розана мен М.Ломоносов атындағы МГ-ның 9-сынып оқушысы Исламова Шахзода жүлделі орындарды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Мектеп оқушыларын қазақ поэзиясына қызығушылығын дамыту және қазақтың әдеби тілін меңгеруге, қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында өткізілген конкурсқа қатысып, жүлдегер атанған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!