Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс жоспарына сай аудар тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады

Мемлекеттен әлеуметтік тұрғын-үй алу, жұмысқа орналасу және комуналдық мәселелерімен жүгінген азаматтардың өтініштерін Нұржан Жақсылықұлы жіті тыңдап, Заң талаптарына сай жауап қатты.

Бүгінгі таңда ауданымызда көп қабатты әлеуметтік тұрғын үйлердің соғылмауына байланысты үй кезегінде тұрған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылмай тұрғанын тілге тиек етіп, жауапты мамандармен бірге мемлекеттік қолдау негізінде қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асып жатқан бағдарламаларды түсіндірді.

Жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінген азаматқа тұрақты жұмыс орны табылғанша жаңа жылдан бастап қоғамдық негізде уақытша жұмысқа орналасуға болатындығын жеткізіп, тиісті мекеме басшысына бақылауға алуын тапсырды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қаладағы көлік жүктемесін азайту — айналма жолдар арқылы жүзеге асады

admin

Шымкентте 20-дан астам оқу орталығы жұмыссыз азаматтарды тегін оқытады

admin

В Департаменте Судебной администрации по Туркестанской области обсудили вопросы противодействия коррупции, соблюдения этики и профилактики деструктивных религиозных течений

admin