Шардара: ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті
Шардара ауданы «Ұзын-Ата» ауылдық округі, «Мақта және бақшау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, Шардара Филиалының эксперименталдық алқабында семинар-кеңес өтті.
Семинарға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Абишов, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Тұрғанбек Оспанов,Шардара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары және мамандары, ауылдық округтерінің әкімдері, ҚР АШМ АӨК аудандық аумақтық инспекция басшылары және мамандары, мақта өңдеуші кәсіпорын (зауыт) басшылары, Ауыл шарашылығы өнімдерін өндіруші шаруашылық ұйымдарының басшылары және өсімдік қорғау бағытындағы препараттарды өндіруші, тасымалдаушы және саудалуашы компаниялардың мамандары қатысты.
Семинар-кеңесте Түркістан облысы, Шардара ауданы жағдайында аудандастырылған мақтаның отандық сорттары, инновациялық әдістерді пайдалану арқылы сапалы тұқымдық шит дайындау, мақта дақылын күзгі жиын-терімді сапалы жүргізу мәселелері және мақта шикізатының бағасы бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, тәжірибе станциясының өнімдері таныстырылды.
Қатысушылар мақта және бақшау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, Шардара Филиалының эксперименталдық, демонстрациялық алқаптарымен танысты. «Мақта және бақшау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрман Мамытұлы алқаптармен таныстырып, бірқатар ұсыныстар айтты.
Айта кетсек, бұл семинар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сапалы тұқым мен сорттарды іс жүзінде көрсетіп, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы саласын қалыптастыру.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі