Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жел, шаңды дауыл: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

30 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, шаңды дауыл мен екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Сәйкес жаңалықтар

АҚШ араласса, Ирандағы дағдарыс әлемдік деңгейге ұласады — ирантанушы

admin

Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 90 журналист арнайы жобаға қатысты

admin

Шымкент : Кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы 2 есеге ұлғайды

admin