Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жамбыл: полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды

25 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Айша бибі» оқу полигонында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды.

Оқыс оқиға оқ атудан жаттығу кезінде болған.

«Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазір  олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, өмірлік маңызды органдар зардап шекпеген», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.

Сәйкес жаңалықтар

Қазығұрт: жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді

admin

Қарағанды облысының ауылдарында жаңа спорт нысандары ашылды

admin

Әзербайжан мен Армения жаңа бейбіт кезеңге қадам басты

admin