Тараз мектебінде өрт шығып, 5 адам зардап шекті

Таразда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мектепте өрт шығып, салдарынан 5 құрылысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 00:32 шамасында үш қабатты №44 орта мектептің 3-ші қабатында от тұтанды.

«Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. 6 маусымнан бастап бұл мектептің бір блогында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жалын толығымен сөндірілді», – деп хабарлады ведомство.

Оқиға салдарынан бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Құрылысшылардың төртеуі 37, 23 және 22 жастағы әйелдер, біреуі ер адам – 26 жаста.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, өңір орталығындағы 7 мектепте құрылыс-жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ