Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Бәйдібекте ауыз су құбырынан жылан шықты

 Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан жылан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік желіде ауыл тұрғындарының су құбырынан жыланды алып жатқаны жайында видео тарады. Онда бір жарым мертлік жыланнаң су құбырына кептіліп қалғанын көруге болады. Өліп қалған жыланды суырып алу барысында екі жерден үзіліп кетті. «Біздің колонкаға судың құбырымен жылан келіп тұр. Су келмей қалған соң, аштық. Сасып кеткен. Ішіп отырған суымыздың нәтижесі осы. Таңертең суды жылқы ішпей қойған» — дейді ауыл тұрғындары. Ал, аудандық әкімдік пен суға жауапты мамандар тарапынан бұл мәселеге қатысты әзірге нақты жауап айтылмады.

 Дерккөз: ҚазАқпарат баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда республикалық “Түркістан дауысы” байқауының жеңімпазы анықталды

admin

Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейді

admin

Қазығұрт: «Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы

admin