Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Таразда көкпардан ашық біріншілік өтті

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қала күні мерекесіне орай «Құмшағал» алқабында өткен командалық көкпардан Тараз қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандары және Тараз қаласынан жалпы 8 команда қатысып, 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды «Тараз-2» командасы, ІІ орынды «Тараз-1» командасы, І орынды Бірлес-Ақыртөбе (Т.Рысқұлов ауданы) иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдарымен, дипломдарымен, естелік сыйлықтарымен және ақшалай сыйлықтарымен (І орын — 250 000 тг, ІІ орын — 200 000 тг, ІІІ орын — 150 000 тг) марапатталды.

Сондай-ақ «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Қымызбаев Ақылбек (Тараз-1 командасы) және «Үздік тұлпар» номинация бойынша Шрам тұлпары (ат иесі Дулатов Азамат, Тараз-2 командасы) қала әкімдігі тарапынан арнайы кубок, естелік сыйлықтарымен және 50 000 тг ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 109,4 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2% есеге артты

admin

Алматыда қолайсыз ауа райынан 33 көлік апаты болды

admin

Сарыағаш ауданында егін егу науқаны басталды

admin