Шымкентте 103 мыңнан астам адам тазалық шараларына жұмылдырылды
«Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2023)» экологиялық акциясының мақсаты – тұрғындарды кешенді тазалық шараларына жаппай жұмылдыру. Бұл бағыттағы жұмыстар елімізді әлемдік экологиялық акцияға қатысушы, “Жасыл экономика” қағидатын іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.
Бүгін Шымкентте экологиялық акция аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағындағы тазалық жұмыстарына 103 мыңнан астам адам қатысып, 744,2 м3 қоқыс шығарылды. Кәсіпкерлер, еріктілер мен жастар, қала тұрғындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікке 96 арнайы техника жұмылдырылып, 344,79 шақырым жолдар тазаланды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі