Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: Адырбеков көшесінің құрылысы 82 % орындалған

Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құрайды.

Құрылыс барысын қадағалаған Ғ.Әбдімәжитұлы жауаптыларға жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Тұрғындардың тыныштығын бұзған елордалық мекеме иесіне айыппұл салынды

admin

Астанада жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептеу фактілері анықталды

admin

«Менің отаным – менің қазақстаным»: Арыста әскери патриоттық шара өтті

admin